Қазақстан құрамасы Түркістанда Мажарстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді. Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесу 2026 жылдың 9 маусымына белгіленген. Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

Айта кетсек, 12 ақпанда футболдан 2026-27 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды.

Отандастарымыз алдағы маусымда С лигасының үшінші тобында ойнайтын болды. Қарсыластары — Словакия, Фарер аралдары және Молдова. 

Ал В лигасында екінші топта Венгрия, Украина, Грузия, Солтүстік Ирландиямен шеберлік байқасады.

Жаңа маусымда 54 ұлттық құрама төрт лигаға бөлінеді. Қазақстан С лигасында бірінші себетте Исландия, Албания және Черногория құрамаларымен бірге орналасқан.

Ережеге сәйкес, С лигасында 4 құрамадан тұратын төрт топ құрылады. Әр құрама топтық кезеңде 6 матч өткізеді. Оның үшеуі үйде, қалған үшеуі сырт алаңда болады. УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі матчтары 2026 жылы қыркүйек айында басталады. 

Матчтар алты турға бөлінген: халықаралық терезелер қыркүйек және қазан айларында, сондай-ақ қарашада болады.