ҚР ҰОК мәліметінше, спортшылар 4×100 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынға жайғасты.
Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Алтын медаль Түркия құрамасына бұйырды, ал Өзбекстан үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды.