НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде ФИФА тәртіптік комитеті шығарған шешім «Тобыл» футбол клубына келіп түсті.
Онда Руслан Валиуллинді 24 айға футболдан шеттету туралы ресми хат берілген.
Ресми хатта ойыншыға жиырма төрт (24) ай мерзімге санкциялар қолданылғаны айтылған.
Футболға байланысты кез келген қызметтен шеттету 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін күшінде болады.
Айта кетсек, ол «Тобылдың» Конференция лигасында Словакияның «Жилина» командасына қарсы өткізген кездесуінде тапсырған допинг-тестінде оң нәтиже көрсеткен болатын.
Бұл жөнінде қостанайлық футболшыға 2021 жылдың 2 қыркүйегінде хабарланды.
Еске салсақ, Владислав Васильев биыл «Тобыл» командасында ойнайды.
Сурет: kazfootball.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.