Владислав Васильев биыл «Тобыл» командасында ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев биыл қостанайлық «Тобыл» футбол клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Владислав Васильев биыл «Тобыл» командасында ойнайды

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті .

В.Васильев 1997 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үлкен футболға қадамын қарағандылық «Шахтер» командасында бастап, 2015-2017 жылдарда 23 ойын өткізді.

Одан кейін Беларусьтің «Энергетика-БГУ», «Рух» командаларының жейдесін киді.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2021 жылдың шілде айынан бері Өзбекстанның «Әндіжан» командасында ойын көрсетіп, 8 кездесуде бір гол соқты.

В.Васильев 2020 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бірнеше ойынға қатысты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан жастар құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізетіні хабарланған.