Отандастарымыз екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен Бақытжан Қабдыл 63 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Еркін күрестен Аллан Оралбек (61 келіге дейін) күміс алса, Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, турнирге 24 елден 433 спортшы қатысты.
Еске салсақ дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.