2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтары 4,8 млн келушіге қызмет көрсеткен, бұл 2024 жылмен (4,3 млн келуші) салыстырғанда 11,5% көп. Туристердің 17,3% — резидент емес азаматтар.
— Ең көп келуші Алматы тау кластерінде тіркелді — 2,9 млн адам. Екінші орында — Щучинск-Бурабай курорт аймағы, мұнда орналастыру орындарында 463,1 мың адам тоқтаған. Үшінші орында — 370,1 мың келушісі бар Маңғыстау курорт аймағы, — делінген хабарлада.
Сондай-ақ үздік бестікке екі танымал курорт аймағы кірді — Балқаш туристік аймағы (182,9 мың адам) мен Жетісу облысындағы Алакөл курорт аймағы (149,1 мың адам).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы орналастыру орындары 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
Жалпы Қазақстанның курорт аймақтарында демалушыларды орналастыратын 1856 орын тіркелген.
Айта кетелік Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137,2 млрд теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.