Қазақстан әйелдер құрамасы U19 санатында «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас санатындағы эстафеталық жарыста ерлер құрамасы екінші қола жүлдені ел қоржынына салды.
«Боулдеринг» бәсекесінде Кымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Лейла Геккеева Виктория Ильницкая, Амира Қайсар 19-орын, Яна Войтович 23-орыннан көрінді.
«Қиындық» сайысында Глеб Семешкин 18-орын, Евгенний Ким 22-орын, Матвей Павлов 24-орынға табан тіреді. Әйелдер бәсекесінде Виктория Ильницкая 16-орын, Лейла Геккеева 17-орын, Яна Войтович 18-орын, Амира Қайсар 20-орынға тұрақтады.
Ал «жылдамдық» бағдарламасында Роман Курассов тоғызыншы орынға ие болды. Рашид Хайбуллин 10-орынға тұрақтаса, Әлихан Татамбай 11-орын, Дмитрий Ананьев 14-орыннан көрінді. Ал әйелдер арасындағы сайыста Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орынға ие болды. Арина Новицкая 9-орын, Виктория Ильницкая 13-орын, Ралина Абдулова 14-орынға табан тіреді.
Ал U17 жас санатындағы «боулдеринг» сайысында Егор Некрещенный 13-орын, Евгенний Корнеев 18-орын алды. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 24-орынға тұрақтады.
«Қиындық» бағдарламасында Евгенний Корнеев 18-орын, Егор Некрещенный 21-орыннан көрінді. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 27-орынмен жарысты аяқтады.
Ал «жылдамдық» санатында Давид Кононов 12-орын, Арсений Тен 15-орын, Вадим Сагинтаев 19-орынға жайғасты. Әйелдер құрамасының сапында Таиссия Носкова 14-орын, Амели Асқарова 17-орын, Анастасия Андриенко19-орын, Анастасия Выродова 21-орынмен жарыста аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет үздік ондыққа енгенін хабарлаған едік.