Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі бессайыстан Гуйян қаласында (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында эстафеталық жарыстар аяқталды.
Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Темірлан Әбдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды.
Әйелдер арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да сынға түсті. Кирилл Стадник пен Ярославна Понер жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Енді әлем чемпионатында жекелей жарыстар басталды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан маунтинбайктан Малайзиядағы турнирде үш медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.