Отандастарымыз екі дисциплина бойынша жүлдегерлер қатарына енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медальға ие болды. Ол XCC және XCO сайыстарында екінші орын алды.
Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC бәсекесінде үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық желаяқ Орталық Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алғанын жазған едік.
Нодира Ахмедова таеквондодан Қытайдағы халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды.