Нодира Ахмедова таеквондодан Қытайдағы халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Нодира финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді.
ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша қазақстандық таеквондошы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысатынын жазған едік.
Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.