Ел мегаполистерінде алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері еліміздің көп өңірінде күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Астана

29 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы –2...–4°, күндіз 11... 13°.

30 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 5-10 м/с. Түнде –2...0°, күндіз 13... 15°.

31 қазанда – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 2... 4°, күндіз 12... 14°.

Алматы

29 қазанда – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан, 3-8 м/с. Түнде 7... 9°, күндіз 15... 17°.

30 қазанда – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде 7... 9°, күндіз 15... 17°.

31 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде 8... 10°, күндіз 17... 19°.

Шымкент

29 қазанда – ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 8-13 м/с. Түнде 8... 10°, күндіз 19... 21°.

30 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 8-13 м/с. Түнде 8... 10°, күндіз 23... 25°.

31 қазанда – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 9... 11°, күндіз 24... 26°.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлерінде түнгі суық күшейе түссе, оңтүстікте жылы әрі ылғалды ауа райы сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін найзағай ойнап, жел күшейетіні хабарланды.