Сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылаған.
Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басатынына сенім білдірді.