Қазақстан мен Әзербайжанда дипөкілдіктер ғимараттарын салуға жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы

дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялады.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасының Заңы № 62-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы

2011 жылғы 20 қазанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 8 қаңтар