Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Корин Амори Брюне ҚР Үкіметі мен Бенин Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
— Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Бенин арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Таиланд Қазақстан азаматтарының визасыз жүру мерзімін қысқартқанын жазған едік.