Ведомствоның атап өтуінше, сапардың басты нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойылу болды. Шартқа қол қою қазақстандық және чехиялық құзырлы органдарға өзара белсенді құқықтық көмек көрсетуге рұқсат береді.
Тараптар атап өткендей, құжатқа қол қою екіжақты құқықтық қатынасты едәуір жаңа деңгейге шығарады және шарттық-құқықтық базаны одан әрі күшеюін ынталандырады.
«Асхат Дауылбаев Қазақстанмен трансұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастық маңызды құрал ретінде қарастырылатындығын және мемлекетаралық шартқа қол қою заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы қалыптасқан жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуына маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қылмыстық жолмен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, ұйымдасқан қылмыс саласындағы тәжірибемен алмасу ынтымақтастығын тереңдету кездесудің маңызды тақырыбы болды.