Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды

Фото: Фото: Ақорда

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform.  

Екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;
  1. Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;
  2. «QazBioPharm «ҰХ» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;
  1. Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;
  2. «Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.

    Еске салайық, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.

    Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Макрон бұл сапар екіжақты серіктестік үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.

    Қазақстан Президенті өз сөзінде Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтті.

    Сондай-ақ, Президент кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.

    Эмманюэль Макрон қазақ мектептеріне француз тілін оқыту тәжірибесі қайта оралғаны маңызды екенін жеткізді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанына тоқталды.

    Франция Президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың франциялық үлгісі туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

    Франция президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордадағы кездесуі кезінде Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты.

    Мемлекет басшыларының кездесуінен кейінгі қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін?

    Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.