— Сапар аясында Президент Руто мырза AlemАI халықаралық жасанды интеллект орталығының және Қазақстанның ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысады. Келіссөздер барысында мәдениет, туризм, білім және ғылым салаларындағы байланыстарға да көңіл бөлдік. Кения табиғатты қорғау және биоалуандықты сақтау мәселесіне айрықша мән береді. Бұл ұстаным біздің еліміздегі «Таза Қазақстан» идеологиясымен үндес екенін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ бүгін елордамызда Қазақстан-Кения бизнес-форумы өтіп жатыр. Осы маңызды жиынға екі елдің іскер азаматтары қатысуда. Бұл іс-шара қос тараптың алыс-берісін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік берері сөзсіз. Біз үкіметтерімізге жан-жақты серіктестікті жандандыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге уағдаластық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоны Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өткен еді.
Қазақстан мен Кения бірқатар құжатқа қол қойды.