Келіссөздер барысында К.Комбос қазақ әріптесін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Кипр сыртқы саяси ведомстволар басшылығының арасындағы тұрақты және сындарлы диалогтың сақталуына үміт білдірді.
ҚР СІМ басшысы көлік, логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін назарға алып, Қазақстанның Кипрмен серіктестік қатынастарды үдемелі түрде нығайтуға мүдделілігін атап өтті.
Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібі және халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ержан Ашықбаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазғанбыз.