АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.
Зілзала ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 4,4 балды құрады.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты Бішкекте күші 3,5 болатын жерасты дүмпулері сезілгенін хабарлады. Жерасты дүмпулері Бішкек уақытымен сағат 11:13-те тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.