Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы екі бақылау-өткізу бекеті көпбағытты болады

Фото: ҚР Мәжілісі

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан Парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін өзгертетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі

Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі директорының орынбасары Марат Маралбаев 2025 жылдың 22 тамызында Бішкекте қол қойылған «Қырғызстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттері туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.

Құжатта «Төмөнкү-Чүй-автодорожный» және «Кичи-Капка-автодорожный» бақылау-өткізу пункттерінің мәртебесін екіжақтыдан көпжақты халықаралық ету және «Төмөнкү-Чүй-автодорожный» өткізу пунктінің жұмыс режимін күндізгіден тәулік бойы жұмыс істейтінге өзгерту ұсынылып отыр.

- Аталған бекеттер мәртебесінің өзгеруі туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жолаушылар мен жүк тасымалын арттыру, шетелдік туристерді тарту және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігіне байланысты болып отыр, - деді Марат Маралбаев.

Осыған дейін Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пунктері туралы келісімге өзгеріс енгізгенін жазған едік.