Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары осы жылды қорытындылап, бауырластық пен тату көршілік рухындағы қазақ-қырғыз одақтастық қатынастарының жүйелі әрі орнықты дамып келе жатқанын атап өтті.
Министрлер екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен болашағын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылы тамызда Бішкекке жасаған ресми сапарының, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі 7-ші отырысының қорытындыларына және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге жан-жақты жәрдем көрсетуге өзара дайындық білдірілді.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жылға жоспарланған халықаралық іс-шаралар кестесін қарастырды.
Айта кетейік, Қырғызстанда шетел азаматтарына резидент-карта беріледі.