Тачэнге Қазақстан, Ресей және басқа да елдерден үкімет пен бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар жиналды. Олар трансшекаралық ынтымақтастық пен батысқа ашықтықтың жаңа архитектурасын талқылап жатыр.
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі Болат Үсенов биылғы жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу жылы екенін атап өтті. Оның айтуынша, визасыз режим енгізілгеннен кейін екі ел арасындағы туристік байланыс айтарлықтай жандана түскен.
— Былтыр Қазақстанға 1 миллионнан астам қытайлық турист келді. Енді Тачэнмен бірлесіп, премиум кластағы трансшекаралық туристік маршруттар жасағымыз келеді. Сонымен қатар туристік инфрақұрылымды дамытып, өнер мен спорт салаларында жастар алмасуын жандандыруды жоспарлап отырмыз, — деді Болат Үсенов.
Айта кетейік, Қытайдан Алматыға туристік пойыз тұрақты қатынай бастады.