Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,4. Энергетикалық класы — K=9,5.
Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.
Айта кетелік Талдықорған маңында жер сілкінген еді.