Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 28 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 48 минут 15 секундта жел сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық класы - 9.3. Тербелісі - MPV 4.2. Тереңдігі - 0-5 шақырым.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.