Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Самех Шехатаны қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды. Соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жолдары сөз болды.
Сонымен бірге дипломаттар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын талқылап, екі ел арасындағы құқықтық-шарттық базаны кеңейтуге келісті.
Осыған дейін қазақстандықтардың қызметтік паспортпен Еуропаның үш еліне визасыз бара алатыны туралы жаздық.