Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, 4 айда елдің сыртқы сауда айналымы 26,3 млрд долларға теңеліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсті. Қаңтар-сәуірде көршілес мемлекет әлемнің 175 елімен сауда-саттық жасады.
Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 6,2 млрд доллардан (жалпы көлемнің 23,6%) асты.
Ал сауда-саттықтың 17,2%-ы Ресейдің үлесіне тиесілі. Бұл елмен арадағы экспорт-импорт көлемі 4,5 млрд доллардан артық.
Сондай-ақ көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндейді. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд доллардан (6,9%) асты. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 414 млн долларға көп. Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан 425,5 млн доллардың тауарын экспорттап, 1,3 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.
Еске салайық, биыл үш айда қазақстандық кәсіпкерлер Өзбекстанда 40-қа жуық компания құрған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл төрт айда 935 мыңнан астам қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізген.