Қазақстан мен Өзбекстан Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын ұйымдастырмақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – «Өзавиация» агенттігі мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ басшыларының кездесуі өтіп, онда ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесуде Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен «Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын» ұйымдастыру мәселесі пысықталды. 

Фото: Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

«Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясы» бұл авиация саласындағы әр ел ведомстволарының өзара іс-қимыл тұжырымдамасын айқындайтын алаң саналады. Оның барасында бірлескен шешім қабылданып, ортақ мәселелерді еңсерудің жоспары түзіледі. 

Фото: Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Өзбекстан авиациялық ведомстволарының кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлесіп «Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын» ұйымдастыру туралы құжатқа қол қойды

Фото: Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында жол қысқартатын жаңа әуе бағыты ашылған еді.