Кездесуге екі мемлекеттің ішкі істер министрліктерінің орталық аппараттары жедел бөліністерінің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында жедел бөліністердің екі жақты ынтымақтастығы, оның ішінде шекаралас өңірлердегі ынтымақтастықтың перспективалары және басым мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, делегация басшылары бірлескен ұйымдастырушылық және практикалық шараларды көздейтін Қазақстан ІІМ және Өзбекстан ІІМ бірлескен кеңесінің хаттамасына қол қойды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар барысында Өзбекстанның Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Даврон Назармұхамедовты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қабылдады.