Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша соңғы құжаттарды дайындап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 18-27 ақпанда Алматы қаласында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары мен жұмыс топтарының бірлескен өзбекстандық-қазақстандық демаркациялық комиссияның кездесуі өтті.

"Шара өзбек-қазақстандық мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша соңғы құжаттарды дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Келіссөздер тату көршілік және өзара мүдделерді есепке алу негізінде жүргізілді ", - делінген Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.