Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмді бірлесе дамытады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Түркі мемлекеттері арасындағы тығыз достық қарым-қатынасты нығайту, туристер ағынын ұлғайту мақсатында Өзбекстанның Туризм комитеті мен Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі бірлескен «Жол картасына» қол қойды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлайды.

Фото: Ташкент қаласы әкімшілігі

Құжатқа сай, екі мемлекет арасындағы туристер санын арттыруға бағытталған бағдарлама әзірлеу, туристік компаниялар арасында ақпарат алмасуды жолға қою және өзге де жобаларды іске асыру жоспарланған.

Сондай-ақ Өзбекстанның Туризм комитетінен мәлім еткендей, зиярат туризмді дамыту мақсатында келушілер үшін шекарадағы өткізу орындарында қолайлы жағдай жасау көзделген.

Мұнымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобус рейстерінің саны ұлғайтылады.

Еске салайық, былтыр 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.