Қазақстан мен Пәкістан кеден саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кеден істерінде ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Коллаж: Kazinform / ЖИ

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден қызметі өкілдіктерін ашуды көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.