Шара барысында екі ел парламенттері жоғарғы палатасының өкілдері өнеркәсіптің инновациялық дамуы, ДСҰ-мен Кеден одағына мүше елдердің өзара іс-қимылына арналған мәселелерді, XI Шекаралас әріптестік жөніндегі өңіраралық ынтымақтастық және екіжақты іскерлік кеңес форумының нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық өзара іс-әрекеттерін нығайту мәселелері талқылады.
Бұдан басқа, алдағы жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары мен Комиссияның 7-ші отырысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.