Қазақстан мен Словакия елдерiнiң Бас прокуратуралары өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Словак Республикасы Бас прокурорының орынбасары Цтибор Кошталмен кездестi.

Жүргiзiлген келiссөздер нәтижесiнде екі елдің Бас прокуратуралары арасында Өзара түсiнiстiк туралы ведомствоаралық меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартты келiсу мен жасасу процесiн бастау жөнiнде шешiм қабылданды.