Кездесу барысында өткен жылы Астанада өткен үкіметаралық комиссияның IX отырысының қорытындылары талқыланды, сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты соның ішінде энергетика, мәдениет, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша қарым-қатынасты нығайту және дамытуға ниет білдірілді.
Сонымен қатар, Әзірбайжан және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде дамып келе жатқаны атап айтылған.
Қазақстан мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев Қазақстанның Әзірбайжанмен машина құрастыру, екі елдің экономикасына өзара инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруға мүдделі екенін атап айтты, сондай-ақ Әзірбайжан жағын 2017 жылы Астана қаласында дүниежүзілік EXPO көрмесін өткізуге белсенді қатысуға шақырды.
ҚР ӘР-дағы Төтенше және Уәкілетті елшісі А. Жұмабаев сондай-ақ, екі бауырлас елдің экономикалық ынтымақтастығын ұлғайту және ҚР және ӘР кәсіпкерлері арасындағы байланыстың белсенділігін арттыру қажеттігін айтты.
«Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін көп іс атқардық, алайда Қазақстан және Әзірбайжан әлеуеті ағымдағы көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары және біз осы мәселені шешуге ниеттіміз» - деп атап айтты А.Жұмабаев.
Әзірбайжан энергетика министрі Н.Алиев соңғы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы 42%-ға өскендігін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, энергетика Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
«Әзірбайжан «Баку-Тбилиси-Джейхан» және басқа құбырлар арқылы әлемдік нарыққа өнім жеткізуге болатын Қашаған ірі кен орнының пайдалануға берілуін асыға күтуде», - деп мәлімдеді Н.Алиев.