Ұлттық құрама турнир аясында нысана көздеуден төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және бір қола.
Ересектер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Кирилл Цуканов 244.4 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында дәл осы сайыста Ирина Юнусметова 242,5 ұпай еншілеп, алтын тұғырға көтерілді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жасөспірім қыздар арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Алисса Краденова 232.1 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді. Ұлдар арасында Руслан Ершов 213.9 ұпаймен үшінші орынға жайғасып, қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Өзбекстанда Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен ширек финалға жолдама алды.