Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндірісін қысқартады

АСТАНА. KAZINFORM – Наурыздан бастап еліміз мұнай өндіру көлемін азайтады. Бұл туралы Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов мәлім етті.

Коллаж: Canva

- Иә, Қазақстан наурыз айында мұнай өндіруді оңтайландыруды жоспарлап отыр. Қажетті деңгейге дейін, яғни ОПЕК алдындағы міндеттемеге сәйкес жүзеге асырылады, - деді Әлібек Жамауов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-министрден Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты жоспары туралы сұрады.

- Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның мұнай экспортының негізгі бөлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады. Тиісінше, КҚК бойынша экспорт көлемі қысқартылады, - деп қысқа қайырды министрдің орынбасары.

Еске сала кетсек, былтыр жыл соңында ОПЕК елдері мұнай өндіруді 2026 жылға дейін қысқартуға келіскен еді.

Биыл ақпанда белгілі болғандай, ОПЕК елдері сәуірден мұнай өндіру көлемін арттыруға уағдаласты.

Бірер күн бұрын белгілі болғандай Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде өз міндеттемелеріне адалдығын растады.