- Біз биыл екі ел арасындағы ирригациялық жүйелерге жоспарлы жөндеуді толық аяқтадық. Өзбекстаннан шығып, Қазақстанға өтетін «Зах-Ханым» және «Үлкен Келес» арналары бар. Олар арқылы Түркістан облысына су бағытталып жатыр. Енді жоспарлы жөндеуден бөлек, күрделі жөндеу жүргізу үшін біз жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Бұл Қазақстанға тиесілі жұмыс. Өйткені, аталған арналар арқылы суды біз алып отырмыз, - деп жауап берді Нұржан Нұржігітов Kazinform тілшісінің сауалына.
Еске салайық, жыл басында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен оның өзбекстандық әріптесі Шавкат Хамраев кездесу өткізген болатын. Оның барысында тараптар ирригациялық жүйелерді вегетациялық кезеңге дейін бірлесіп жөндеуге уағдаласқан еді.