«Оларға біздің энергиялық ресурстар қажет. Қазақстан астығын жеткізуді сұрап отыр. Қазір олар өздеріндегі теміржол желісін жаңғыртып жатыр. Бұл тұрғыдан алсақ, Ақтөбеде рельс арқалықтарының зауыты бар. Қазір келіссөз жүргізілуде», – деді дипломат.
Елшінің айтуынша, Пәкістанға азық-түлік өнімдерін молынан экспорттауға болады.
«Қазіргі міндеті – нарықты ашып, әлеуетімізді паш ету. Пәкістан халқының саны 242 миллион екенін ескерсек, әлемдегі бесінші нарық болып есептеледі. Біздегі тамақ индустриясының өнімдеріне сұраныс бар», – деді Ержан Қыстафин.