«Өткен аптада Ішкі істер министрлігі ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірігіп, «Іздеу» операциясын жүзеге асырды. Шара барысында іздеуде жүрген 240 күдікті қолға түсті. Қазақстан полицейлері Достастық елдерінде бой тасалап жүрген 93 азаматты ұстады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жоғалып кеткен 89 адам анықталды», - деді ресми өкіл ІІМ-нің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.
Нұрділдә Ораздың айтуынша, өткен аптада 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркеліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2 199 қылмыс ашылған.