Жеңімпазды марапаттау бүгін, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өтті. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов фотобайқаудың гран-при иегерін арнайы құттықтады.
Жанбота Қарибекова Қарағанды облысының Жаңарқа ауданының тумасы. Ауыл мектебі мұғалімдерінің отбасында дүниеге келген ол, үйдегі 7 баланың үлкені.
2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен Астана қалалық әуежайындағы ЖІІБ Әкімшілік полиция бөліміне кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспектор лауазымына жұмысқа қабылданған. Қазіргі уақытта полиция аға лейтенанты Қарибекова сол бөлімде аға инспектор болып жұмыс істейді. Ішкі істер органдарында жұмыс істеген екі жылдың ішінде өзін байыпты, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді.
Қазақстан полициясының аруы қолы бос уақытта ағылшын тілін үйреніп, сурет салады, фитнеспен айналысады. Алдағы уақытта магистратура бағдаралмасымен оқуын жалғастыру жоспарында бар. Сонымен қатар ол қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істегісі келеді.