Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мәлім етілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге биылғы алғашқы сапарын Еуропадан бастап отыр. Мемлекет басшысының ресми сапарынан не күтеміз және бұған дейін қос ел арасында қандай қарым-қатынас болды? Кazinform сарапшысы бұл жөнінде шолу материал ұсынған еді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі