Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Еске салсақ,12 қарашада өтетін «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбына арналған саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі мен Түркі кеңесінің бас хатшысы қатысады деп жоспарлануда.