Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.