Қазақстан, Ресей және Түркия Президенттері Астана процесінің қорытындыларын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында біратар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді форумның табысты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен және Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанмен әңгімелесіп, таяуда Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады. Р.Ердоған Астана процесінің нәтижелеріне тоқтала келе, Сирия мәселелері жөніндегі диалогты Женевада жалғастыру үшін оның маңызды болғанын атап өтті. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Беларусь Президенті А.Лукашенкомен және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевпен, Пәкістанның және Малайзияның Премьер-Министрлері Н.Шарифпен және Н.Разакпен, Дүниежүзілік экономикалық форумның төрағасы К.Швабпен жүздесті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы А.Гутеришпен әңгімелесті. Әңгіме барысында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін саммитіне қатысу ниеті бар екенін растады.

Қазақстан Президентімен әңгіме барысында Испанияның Премьер-Министрі М. Рахой Испания Королінің алда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын растады.

Сондай-ақ, Испания Премьер-Министрі М.Рахой Қазақстан Президентімен әңгімелесу кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Испания Королінің қатысатынын растады.