Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 4 желтоқсандағы №642 Астана қаласы
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1.Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2.Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Қ. ҚАСЫМОВ.
Құжаттың толық мәтіні