Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды және олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.
Министрлік бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіретінін атап өтті.
— Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз, — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ Қазақстан Сауд Арабиясымен ынтымақтастығын растап, Корольдіктің БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан кейін зардап шеккендер арасында ел азаматтарының бар-жоғын тексеріп жатқаны хабарланғанбыз.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.