Қазақстан семсерлесушілері әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Фото: ҰОК

Командалық жарыстың финалында отандастарымыз Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер ширек финалда Мысырдан, жартылай финалда Франциядан басым түскен. Сондай-ақ жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да жеңді.

Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында да шпагамен семсерлесуден алтын медаль иеленген. Сонымен қатар биыл қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін қазақстандық жеті спортшы семсерлесуден әлем кубогында сынға түсетінін жаздық.