Қазақстандық жеті спортшы семсерлесуден әлем кубогында сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — 15-18 қазан аралығында Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық жеті спортшы семсерлесуден әлем кубогында сынға түседі
Фото: ҰОК

Халықаралық жарыста Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды.

Ерлер арасындағы сабля бәсекесінде Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Артем Саркисян және Назарбай Саттархан бақ сынайды.

Ал әйелдер арасында Карина Доспай, Анастасия Гулик және Әйгерім Сарыбай өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар жекелей және командалық сайыстарда жүлдеге таласады.

Бұдан бұрын Қазақстан семсерлесуден төрт айда үш тарихи жеңіске қол жеткізгенін жазғанбыз.