Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді
21:01, 25 Қаңтар 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 25 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 19:48 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 11.3.
MPV магнитудасы – 5.2.
Эпицентр координаттары – 44.79° с.е. 81.19° ш.б.
Тереңдігі – 30 шақырым.
Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Айта кетейік, мұның алдында сағат 19:13 шамасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 625 шақырым қашықтықта тағы бір жер сілкінісі болған-ды.
Қытай аумағында тіркелген зілзаланың магнитудасы - 5.0. 10 шақырым тереңдікте болған. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.
Фото: assicuraci.it