Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағындағы екі жер сілкінісін тіркеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 1 қыркүйекте екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Photo: ekonomigundemi.com.tr

Алғашқы жер сілкінісі 08:49-да тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

«MPV магнитудасы - 4.5. Эпицентрдің координаттары - 41.68° с. е. 79.30° ш. б. Тереңдігі - 15 шақырым. МЅК-64 шкаласы бойынша сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.

10:34-те екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның орталығы Алматы қаласынан шығысқа қарай 559 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.0. MPV магнитудасы - 4.2. МЅК-64 шкаласы бойынша сезілу мәліметі тіркелмеген.



Фото: ekonomigundemi.com.tr